443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханаудағы атыс құрбандарының саны артты

  • 168
  • UPD: 13:01, 20.02.2020
Ханаудағы атыс құрбандарының саны артты

Неміс қаласында атыс болып, 9 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері хабарлады.

«Қылмыс орнында тоғыз адам тіл тартпай кетті», – делінген ақпаратта. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары мерт болғандардың жеке бас мәліметін анықтап, атыс себебін зерделеуде.

Еске сала кетейік, қаруланған белгісіз біреулер бірнеше  ғимаратқа баса көктеп кіріп, бей-берекет жан-жағына оқ жаудыра бастаған.

Хабар 24 телеарнасы