447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада жұмыссыздар саны артып барады

  • 171
  • UPD: 14:50, 20.02.2020

Украина Үкіметі «Еңбек нарығы» жайлы заң жобасын әзірлеп, Жоғарғы Радаға жіберді. Бұл реформа негізінде 5 жыл ішінде елде 1 млн жаңа жұмыс орны ашылмақ. Алайда экономика саласының мамандары мұндай жоспарға күмәнмен қарайды. Өйткені соңғы айда ғана Украинада жұмыссыздардың саны 17 пайызға артқан. Әлі күнге дейін жұмыс күші көрші Польшаға эмиграциясын тоқтатқан жоқ.

2019 жылдың желтоқсанында Украинада ресми түрде 338,2 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл сол жылдың қарашасымен салыстырғанда 17 процентке артық. Жастар мен  еңбекке жарамды жұмыс күші кәсіп іздеп Польшаға үдере көшіп жатыр. Польшаның Укринадағы елшілігі мәлімдегендей, 2014 жылдан бері осы елге кеткен азаматтардың саны 300 000 мыңнан 1,5 миллионға артқан. Тілдері ұқсас болғандықтан мұнда украиналықтар қоғамға тез сіңіседі. Олардың айтуынша, Польшадағы орташа айлықтың көлемі Украинадан бірнеше есе артық. 

Александр Вишневский, Украина Ұлттық ғылым академиясының өнеркәсіптік экономика институтының аға ғылыми қызметкері:

- Бизнес тарапы көбіне кадр жетіспейді дегенді айтады. Бұл ретте Украинаның еңбекке жарамды адамдары Батыс Еуропа, оның ішінде Польшаға ағылып жатыр. Бұл үлкен проблема. Жұмыс орыны өз-өзінен ашылмайды. Егер елдің әскери-саяси жағдайы күрт өзгермесе, жағдай осы қалпынан өзгермейді. 

Украина үкіметі «еңбек нарығы» жайлы заң жобасын әзірлеп, Жоғарғы радаға жіберді. Бұл реформа негізінде 5 жыл ішінде елде 1 млн жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жаңа бастама жұмысшылардың әлеуметтік құқығын реттейді деп күтілуде. Алайда экономика саласының мамандары бұл реформаға күмәнмен қарайды.

Александр Вишневский, Украина Ұлттық ғылым академиясының өнеркәсіптік экономика институтының аға ғылыми қызметкері:

- Шет елге оқу, жұмыс іздеп кеткен украиналықтар үйіне қашан қайтады? Экономикалық және саяси тұрақтылық орнаған кезде ғана. Әзірге бұл жағдай елде байқалмайды. Болашақ белгісіз болғандықтан, Украина азаматтары басқа елден пана іздеуге мәжбүр. 

Еңбек күші ғана емес, соңғы үш жылда Украинадан Польшаға оқу іздеп кеткен студент жастардың саны 10 мыңнан 35 мыңға артқан. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, студенттердің тек 9 проценті ғана туған еліне қайтуға ниет білдірген.

Қалған студенттер: «Еуропадағы өмір сүру мен жұмысқа орналасу Украинамен салыстырғанда әлдеқайда оңай, сондықтан әзірше осы жақта қаламыз» деп жауап берген.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы