476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Copy & paste функциясын ойлап тапқан ғалым қайтыс болды

  • 502
  • UPD: 15:56, 20.02.2020
Copy & paste функциясын ойлап тапқан ғалым қайтыс болды

Маман Xerox, Apple, Amazon сияқты алпауыт компанияларда жұмыс істеді.

АҚШ-та 74 жасқа қараған шағында информатика саласының көрнекті өкілі Ларри Теслер дүние салды.  Бұл туралы Yahoo интернет-басылымы хабарлады.

Өлім себебі белгісіз.

Теслер 1973 жылдан бері Xerox PARC ғылыми-зерттеу орталығында еңбек етті.  Сол жерде  ғалым «көшіру», «қиып алу», «қою» функцияларын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Сондай-ақ бұл орталықта пайдаланушының графикалық интерфейсі пен тінтуір құралы жасап шығарылды.

«Оның өнертабысы әлемдегі талай жанның жұмысын жеңілдетті», – деп естелік жазды орталық мамандары.

Айта кетейік, Л.Теслер 1980 жылы Apple компаниясымен серіктес болып, MessagePad  қалта компьютері мен  Lisa компьютерін құрастыруға атсалысты. 

 

Хабар 24 телеарнасы