425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан сауыққан адамдардан қауіпті індет қайтадан анықталуда

  • 737
  • UPD: 16:17, 20.02.2020
Коронавирустан сауыққан адамдардан қауіпті індет қайтадан анықталуда

Қытайда дәрігерлер коронавирустан сауығып, ауруханадан шығарылған науқастарда коронавирустың қайта пайда болып жатқанын анықтады.

Бұл жағдайдың коронавирустық инфекцияның қайталануы немесе қайтадан жұқтыру екені әзірге белгісіз.

Коронавирусты емдеу жөніндегі медициналық топтың жетекшісі, профессор Чжао Цзяньпиннің айтуынша, вирус денеден толық жойылмауы немесе антителдер жеткіліксіз шығарылуы мүмкін.

Ол осыған байланысты ауруханадан шығарылған науқастардың тағы 14 күндік қосымша карантинге алынуы керек екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы