447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда алғаш рет коронавирусқа шалдыққан адам көз жұмды

  • 595
  • UPD: 08:20, 21.02.2020
Оңтүстік Кореяда алғаш рет коронавирусқа шалдыққан адам көз жұмды bbc.com

Науқас дертті Тегу қаласындағы шіркеуде жұқтырғандардың бірі болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның өлімі зерттеліп жатыр. Еске сала кетейік, бірер күн Тегу қаласындағы шіркеуге барған 61 жастағы әйелден қауіпті вирус анықталды. Ешбір науқаспен байланысқа түспеген әйел дертті ондаған адамға жұқтырған. Оқиға халық арасында алаңдаушылық туғызып отыр. Ал мәліметке қарағанда, Оңтүстік кореяда соңғы бір күн ішінде вирусты жұқтырғандардың саны 104-ке жектен. Тағы 1860 адам тексеріліп жатыр.

Ким, жергілікті тұрғын:

- Елімізде коронавирустан алғаш рет адамның қайтыс болғанына өте алаңдаулымын. Осы себепті бүгін көшеге бетіме маска киіп шықтым. Қоғамдық көлікте барынша абай болу керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы