421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: әлем бойынша үй-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар

  • 525
  • UPD: 10:51, 21.02.2020
БҰҰ: әлем бойынша үй-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар

БҰҰ қолжетімді үйлер және баспанасыздық мәселесін шешуге арналған әлеуметтік қорғау жүйелері қарарын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құжат әлемдегі барлық мемлекеттерді тұрғындарын қолжетімді үйлермен қамтамасыз етіп, әлеуметтік көмек көрсетуге шақырып отыр. Ұйымның мәліметінше, әлем бойынша үйі-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар. Олардың көбісі ашық дала мен вокзалдарда қонуға мәжбүр. Мамандардың пайымдауынша, адамдар экономикалық дағдарыс, психологиялық мәселелері, жұмыссыздық, нашар денсаулығы және әлеуметтік кемсіту салдарынан баспанасыздар қатарын толықтырады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөнінде Халықаралық пактінде әр адамның тұрғын үйге құқығы танылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы