447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде түрлі себептермен қаңырап қалған нысандар көп

  • 166
  • UPD: 08:55, 21.02.2020
Әлемде түрлі себептермен қаңырап қалған нысандар көп

Әлемде түрлі себептерге байланысты қаңырап қалған нысандар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде миллиондаған долларға салынған ғимараттардың басым бөлігі спорттық, өнеркәсіптік немесе ойын-сауық кешендер. Олардың қатары жүздеп саналады. Сондай орынның бірі – Грецияда 2004 жылы жаздық Олимпиада ойындарына арнайы тұрғызылған спорт қалашығы. Кезінде 15 миллиард долларға салынған нысанды ұстаушыларды шығынға батырып, ақыры бос қалған. Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы тау шаңғысы курорты да осыған ұқсас жағдайда. Жергілікті және шетелдік шаңғышылардың сүйікті демалыс орыны болған шипажай 2006 жылдан жабық тұр. Бұған курорттың шалғайда орналасуы себеп.

Юнг Хен Гун, жергілікті тұрғын:

- Кәсіпкерлер бұл нысаннан 10 жыл бұрын біраз пайда көрген еді. Одан кейін кешенді сатуға тырысқан, бірақ одан түк шықпады. Қазір курорт қаңырап бос тұр.

Хабар 24 телеарнасы