445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың коммуналдық қызметтері қар күреуге жұмылды

  • 156
  • UPD: 09:24, 21.02.2020
Елорданың коммуналдық қызметтері қар күреуге жұмылды

Елордадағы коммуналдық қызметтер қармен күреске білек сыбана кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түннің өзінде 1200-ден аса арнайы техника жұмысқа шығып, 35 мың куб метр қарды қала сыртындағы полигондарға апарып тастады. Бұған қоса, мыңнан аса адам мұз қатқан жолдарды, аулаларды және қоғамдық орындарды тазалаумен айналысты.

Айта кетейік, қазір қалада төтенше жағдайлар департаментінің арнайы штабы құрылды. Жедел байланыс желісіне хабарласып, ауа райына қатысты ақпараттарды білуге болады. Оның нөмірі экранның төменгі бөлігінде көрсетілген. Сала мамандары алыс жолға шықпауға және көшеде абай болуға кеңес береді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінін келетін хабарламаларға бей-жай қарамауды сұрайды.

Жедел желі: 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12

Хабар 24 телеарнасы