435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкек тұрғындары ауаның ластануына алаңдаулы

  • 150
  • UPD: 15:17, 21.02.2020

Қырғызстан астанасында тұншығуды тоқтатын жол іздейді.

Белсенділер қаладағы ауаның ластануына алаңдаған елді Парламент алдындағы алаңға жиналуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауаның ластануын өлшейтін құрылғы 221 бірлікті көрсетіп отыр. Ал бұл көрсеткіш 160-тан аспауы керек. Парламент депутататтары осындай ауамен тыныс алады. Қаланың өзге аудандарында да жағдай ұқсас.

Бермет Борубаева, «Жасыл Қырғызстан» жастар қозғалысының жетекшісі:

- Бішкекке жақында келдім. Осыған дейін Мәскеуде оқып, жұмыс істегенмін. Келгеніме үш ай өткеннен кейін көзім нашар көретін болды. Яғни, көзге және тыныс алу органдарына үлкен қысым бар. Қала тұрғындары, әсіресе, орталықта тұратындар бетперде мен көзілдірік киіп жүруге мәжбүр.

Шараға қатысушылар парламент қоршауына стендтер бекітті. Онда газдан қорғайтын киім киген адамдар мен қаланың тұман басқан суреттері салынған. Белсенділер Парламент алаңын әдейі таңдаған. Өйткені Үкімет пен депутаттарға ой салуды көздейді.

Ондуруш Токтонасыров, Бішкек қаласының тұрғыны:

- Жастар ғана емес, барлығымыз, зейнеткерлер де ауаның ластануына қарсы шығуымыз керек. Бірігіп экологиялық таза қала үшін күресуіміз қажет. Біз таза ауа мен гүлдердің жұпар иісінің рахатын көруге тиіспіз.

Суреттер салынған тақтайдың түсі қара. Бұл Бішкектегі лас ауаның көрінісі. Ал жазулар ақ бормен жазылған. Бұл таза ауаны білдіреді. Белсенділердің айтуынша, бұл теңеу қаладағы қазіргі ахуалдың айқын көрінісі.

Авторы: Бақыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы