431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина Қытайдан эвакуацияланған азаматтарының дені сау екенін растады

  • 119
  • UPD: 14:01, 21.02.2020
Украина Қытайдан эвакуацияланған азаматтарының дені сау екенін растады

Украинаның денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың дені сау екенін растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, бұған дейін ел билігі Уханьнан 73 адамды эвакуациялаған еді. Оның ішінде жергілікті азаматтармен бірге шетелдіктер де болды. Кейін олар Новые Санжары елді мекенінде карантинге жатқызылуы тиіс болатын. Алайда бұл жаңалық жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Бас көтерген бұқара індет ошағынан эвакуацияланғандар өзге жерге орналастырылсын деген талап қойды. Тіпті бүлік шығарып, барынша тосқауыл болуға да тырысты. Жұрт жолдарды жауып, Қытайдан келген азаматтар мінген автобустарға тас лақтырды. Десе де, ақыр түбінде аспан асты елінен әкелінгендер Новые Санжарыдағы шипажайға жайғастырылды. Енді олар 14 күн бойы карантинде болады.

Алексей Гончарук, Украина премьер-министрі:

- Бәрі жақсы. Эвакуацияланғандардың бәрінің дені сау. Ауру жұқтырды деуге ешқандай негіз жоқ. Қазір оқшауда жатқан азаматтар өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Украиналықтарға дертті жұқтыру қаупі төніп тұрған жоқ. Себебі ауру белгілері бар тұлғалар тіпті Қытайдан да шығарылмады.

Ал елді мекенде бүлік шығарғандар қазір жауапқа тартыла бастады. Қазір 24 адам қамауға алыныпты. Айта кетейік, Новые Санжарыдағы ереуіл кезінде 9 полицей мен бір азаматтық тұлға зардап шеккен еді. Осыған байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы