445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні

  • 166
  • UPD: 15:36, 21.02.2020

ЮНЕСКО үшін бұл аз халықтардың жоғалып бара жатқан тілдерін қайта жаңғыртуға шақыратын уақыт болса, көпұлтты мемлекеттердің тілдік байлығын мақтан ететін шақ.

Мысалы, 4 миллионға жуық халқы бар Грузияда 23 тілде сөйлейді. Кавказ елінде тілдік ерекшелікті сақтау қалай жүзеге асырылып келеді.

Картули Эна:

- Грузия халқының 70%-і қолданатын тіл. Бұдан бөлек ауызекі тілдегі ерекшеліктер де көптеп кездеседі. Диалектердің пайда болуына таулы аудандардағы мекендердің оқшаулығы әсер еткен.

Дали Читунашвили, Грузия қолжазбалар ұлттық орталығының ғылыми қызметкері:

- Грузияда көптеген ғасырлар бойы грузиндермен бірге армяндар, әзербайжандар, еврейлер, гректер, абхаздар және орыстар өмір сүріп келеді. Сондықтан елде тілдік диалектер көп. Мысалы, мегрел тілі, сван деген тілдер бар. Бірақ грузин тілі мемлекеттік тіл. 

Әлемде грузин әліпбиі ең ежелгілердің бірі болып саналады. Оның ерекшелігі әріптерді өзгеше жолмен белгілеуінде. Грузин жазбасының графикалық бейнеленуі үш даму кезеңінен өткен.

Дали Читунашвили, Грузия қолжазбалар ұлттық орталығының ғылыми қызметкері:

- Асомтаврули бірінші әліпбиі V-X ғасырларда пайда болды. Содан кейін X-XVIII ғасырларда Нисхури әліпбиі шықты. Ал XI ғасырдан қазіргі заманға дейін Мхедрули әліпбиі қолданылып келеді. Бірақ оларды бір-бірінен өзгеше деп айтуға болмайды. Бұл бір әліпбидің түрлі даму кезеңінен өтуі.

Грузин халқы аталған үш түрлі жазбаның қазіргі уақытқа дейін жеткенін мақтан тұтады. Мемлекет тілдік бай мұрасын сақтап қалу үшін мектептерде ежелгі грузин тілін оқытады. Оқушылар XI ғасырдағы туындыларды түпнұсқада оқиды.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы