427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалия парламенті эвтаназия әдісін пайдалану туралы заң қабылдады

  • 454
  • UPD: 15:30, 21.02.2020
Португалия парламенті эвтаназия әдісін пайдалану туралы заң қабылдады

Осылайша, бұл ел науқастың өз еркімен өмірден озуына рұқсат берген әлемдегі төртінші мемлекет болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін мұндай әдісті Бельгия, Люксембург және Нидерланд елдері заңды түрде рәсімдеген болатын. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес эвтаназия әдісін ел тұрғындарының 50%-тен астамы қолдаған. Ал төрттен бір бөлігі қарсылық білдіріпті. Жаңа заңға наразылар қала көшелеріне шығып, «Эвтаназия азапты тоқтатпайды, өмірді тоқтатады» деп ұрандатқан. Жалпы қазіргі уақытта ажалды сұрап алуға португалияның католик шіркеуі басшылары да қарсылық танытып отыр. Сондықтан олар референдум өткізуді талап етуде.

Ереуілші:

- Біз эвтаназияға қарсымыз. Медбикелер қауымдастығы қарсы. Медицина қауымдастығы да қарсы. Ал референдум өткізуге шақырып, жатқандар саяси ойын ойнап жатыр дейді. Референдум мүлдем саяси ойын емес. Біз тек осы мәселеге басқа қырдан қарауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы