423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцария президенті өзімен бір күнде дүниеге келген адамдарды мерейтойына шақырды

  • 423
  • UPD: 16:15, 21.02.2020
Швейцария президенті өзімен бір күнде дүниеге келген адамдарды мерейтойына шақырды

Швейцария президенті Симонетта Соммаруга өзімен бір күнде дүниеге келген түйдей құрдас барлық швейцариялықты өзінің 60 жас мерейтойына шақырды, деп жазды The Local.

Мерекеге қатысушылар президенттің сайтында тіркеліп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберуі керек.

Симонетта Соммаруга 1960 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Ол 14 мамырда Бернге жақын жерде мерейтойын атап өтпекші.

Еске салсақ, Симонетта Соммаруга 2020 жылдың 1 қаңтарында Швейцария Конфедерациясының президенті болды.

Хабар 24 телеарнасы