426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада 200 көлік бір-біріне соқтығысты

  • 522
  • UPD: 07:54, 22.02.2020
Канадада 200 көлік бір-біріне соқтығысты

Канаданың Монреаль қаласының жанында ірі жол көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 70-тен астам жолаушы жарақат алды. Квебек провинциясындағы тас жолда кенеттен соққан бораннан жол көрінбей, 200 көлік бір-біріне соқтығысқан. Олардың арасында жанармай тиеген жүк көлігі мен оқушылар автобусы бар. Бірақ балалар жапа шекпеген. Куәгерлер апаттың ауқымдылығы соншалық, оның 2 шақырымдай жерге созылғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы