448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың көлік компаниялары маска шығара бастады

  • 176
  • UPD: 08:02, 22.02.2020
Қытайдың көлік компаниялары маска шығара бастады

Қытайда көлік шығарушы компаниялардың 75 пайызы қауіпті індетпен күреске өз үлесін қосып, бетперде шығара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Гуанчжоу көлік қауымдастығы оның деңгейін ақпан айының соңына дейін 1 миллион данаға жеткізуді көздеп отыр. Ал коронавирустан аспан асты елінде көлік сатылымы ақпан айының алғашқы 2 аптасында 92 пайызға азайған. Қытай жолаушылар көлігі бірлестігінің мәліметі осыны көрсетіп отыр. Ақпарға қарағанда, осы уақыт аралығында күн сайын тек 811 көлік сатылған. Қауымдастық басшысы мұндай жағдайды індетке байланысты тұрғындардың көшеге көп шықпауымен түсіндіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы