427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирус құрбандары 2345-ке жетті

  • 799
Қытайда коронавирус құрбандары 2345-ке жетті tass.ru

Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 2345-ке дейін артты, ал 20 659 адам жазылып шыққан. Бұл туралы Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеті хабарлады.

Оның айтуынша, бір тәулікте 109 өлім тіркелген, 2393 адам ауруханадан шығарылған. ҚХР-да жаңа типті коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 75 891 адамды құрады.

Қытай билігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 31 провинцияда 53 284 адам ауруды жұқтырған, олардың 11,4 мыңы ауыр деп бағаланады. Өлім-жітімнің ең көп саны Хубей провинциясында тіркелді – 106 жағдай.

Жалпы алғанда, өткен жылдың желтоқсан айында коронавирустың індеті тіркелген провинцияда 63,4 мың жұқтыру оқиғасы тіркелген. 1,7 мыңнан астам науқас сауығып, ауруханалардан шығарылды.

Ақпарат көзі: tass.ru

Хабар 24 телеарнасы