418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада коронавирустан екінші адам көз жұмды

  • 350
  • UPD: 12:42, 22.02.2020
Еуропада коронавирустан екінші адам көз жұмды Весь Харьков

Бұған дейін індет Францияда 80 жастағы қытайлық туристің өмірін үзген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді міне, Италияда 78 жастағы ер адам қайтыс болды. Жалпы елде вирусты 20-ға жуық адам жұқтырған. Билік барынша қауіпсіздік шараларын нығайта түсті. Атап айтқанда, Италияның солтүстігіндегі Лоди провинциясындағы 10 қалада мектептер, балабақша, дүкен және өзге де қоғамдық орындар жабылды.

БЛИЦ:

– Бізге барлық дүкен жабылсын деген бұйрық келді. Оны орындауға міндеттіміз. Соңғы оқиғалар тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Енді не боларын көре жатармыз.

– Біздің өңірдің қарт адамдарының бәрі алаңдаулы. Олардың қатарында мен де бармын. Жасым 76-да. Жалғыз тұрамын. Ауырып қалсам, не боларын білмеймін.

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус құрбандарының саны 2400-ге жуықтайды. 76 мыңнан аса адам індетті жұқтырғандар қатарында. Айығып шыққандар саны 21 мыңға таяп қалды. Құрлықтық Қытай мен Еуропадан бөлек, вирустан көз жұму деректері Иранда, Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Филиппинде тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы