445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада ереуілдер экономикаға шығын келтіріп отыр

  • 170
  • UPD: 22:57, 22.02.2020
Канадада ереуілдер экономикаға шығын келтіріп отыр

Канаданың Ванкувер портында 50-ден астам жүк кемесі ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ереуілдер кесірінен темір жол қатынасы іркіліспен жұмыс істеуде. Салдарынан Монреаль кемежайында да қиындықтар туындаған. Мұнда теңіз арқылы жеткізілетін 4 мың контейнерді уақытша орналастыратын орын тапшы.

Айта кеткен жөн, Канадада осымен үш апта бойы наразылық акциясы басылмай тұр. Байырғы тұрғындар газ құбырының салынуына қарсы. Өйткені құбыр өтетін Британдық Колумбия провинциясын өздерінің жері санайды. Сол себепті жобаның заңдылығын мойындамайды. Оларды экобелсенділер мен студенттер де қолдап отыр. Сөйтіп, ереуілшілер темір жолдарды жауып тастаған. Салдарынан күн сайын ел экономикасы 300 мың АҚШ долларын жоғалтып отыр.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

Бұл мәселе бейбіт жолмен шешілуі тиіс. Яғни, байырғы тұрғындармен бір шешімге келуіміз керек. Себебі бұл жағдай еліміздің экономикасына да, тұрғындарға да кері әсер етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы