431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Ливия жағалауында 1700-ден астам мигрант құтқарылды

  • 132
  • UPD: 10:50, 23.02.2020
Биыл Ливия жағалауында 1700-ден астам мигрант құтқарылды

Жыл басталғалы Ливия жағалауында бір мың 700-ден аса мигрант құтқарылған. Тиісті мәліметті БҰҰ келтіріп отыр.

Жалпы 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен құлатылған соң елде тұрақсыздық орнаған. Бұл жағдайды әдетте африкалық босқындар өз пайдасына қолданбақ болып жатады. Сөйтіп, олар су жолымен Ливия арқылы Еуропаға жетуге тырысады. БҰҰ мәліметінше, қазір елде ресми тіркелген босқындар мен баспана сұраған азаматтардың саны 48 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы