426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Музыканы қоғамдық көлікте құлаққапсыз тыңдауға тыйым салу ұсынылды

  • 586
  • UPD: 09:26, 23.02.2020
Музыканы қоғамдық көлікте құлаққапсыз тыңдауға тыйым салу ұсынылды

Ресейде музыканы қоғамдық көлікте құлаққапсыз тыңдауға тыйым салу ұсынылды. Сондай-ақ видеоны гаджеттің дыбысын шығарып қойып тыңдауға да қарсылық бар.

Бұл ұсынысты Ресейдегі Іскерлік этика, этикет және протокол жөнінен ұлттық сарапшылар бірлестігі жасаған.

Бұл бастама түрлі кикілжіңнің алдын алып, азаматтардың мәдени дағдыларының жақсаруына септігін тигізеді.

Бірлестік мәліметінше, ресейліктердің 94 проценті музыканың дыбысын айналаға шығарып қойып тыңдауды құптамайды. Ал адамдардың 13%-і мұндай жөнсіздікті қойдырту үшін тіпті қол жұмсауға дейін баруға дайын.

iphones.ru

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы