426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та рейстік автобус аударылды

  • 483
  • UPD: 11:39, 23.02.2020
АҚШ-та рейстік автобус аударылды

АҚШ-та рейстік автобус аударылып, 3 адам сол жерде ажал құшты. Тағы 18-і түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға Калифорния штатының оңтүстігінде болды.

Автобус жүргізушісі белгісіз себептермен тізгінге ие бола алмай, жыраға түсіп кетіп, артынша аударылса керек. Апат салдарынан тас жолдағы қозғалыс уақытша шектелген.

Хабар 24 телеарнасы