420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канар аралдарында әуежайлар жұмысын тоқтатты

  • 449
  • UPD: 12:01, 23.02.2020
Канар аралдарында әуежайлар жұмысын тоқтатты

Канар аралдарында үш бірдей әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Оған құмды дауыл себеп.

Соның салдарынан жоспарланған 230-ға тарта әуе сапары орындалмаған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көшеде өтуі тиіс карнавалдық шеру кейінге шегерілді. Билік тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпай, есік-терезелерін жауып отыруға кеңес берді. Ал мамандардың болжауынша, құмды дауыл дүйсенбіге дейін басылмайды.

 

Хабар 24 телеарнасы