445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада Қытайдан эвакуация жасалғандарға қатысты дау басылды

  • 198
  • UPD: 14:15, 23.02.2020

Ухань қаласынан эвакуацияланған украиналықтар мен шетелдіктер орналасқан Новые Санжары елді мекендегі жағдай тұрақталды. Бастапқыда қарсылық танытқан ашулы топтың Қытайдан қайтқандарға деген көзқарастары біраз өзгерген. Уханнан оралғандар қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Обсервацияға орналасқан Украина мен шет елдің азаматтарын кезекті рет медициналық бақылаудан өткізу үшін Новые Санжары елді мекеніне бір топ эпидемиолог келді. Олар адамдардан қан алып, кезекті рет зерттейді. Ол заманауи және өте дәл тестілеу жүйелеренің көмегімен жүргізіліп, Киевтегі зертханаға жеткізілмек. Оқиға орнында дәрігерлер мен эпидемиологтардан жасақталған жаңа жедел штаб құрылды. 

Дмитрий Коваль, Украина денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Медициналық тексерістің алдын ала қорытындысы жақсы. Обсервацияға жеткізілген адамдардың ешқайсысынан аурудың белгілері байқалмайды. Олар тексерістен күніне 2 рет өтеді. Украинада ауруды анықтайтын тест жүйе  пайда болды. Сол арқылы жиналған материал Киевтегі зертханаға жеткізіліп, оның қорытындысы үш күнде белгілі болмақ. 

«Новые Санжарыдағы қарсылық акциясы толығымен аяқталды» деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі. Шипажай маңында 400-ге жуық құқық қорғаушы қызметін атқаруда. Бұзақылық жасаған үшін 24 адам ұсталды. Олар енді жазаға тартылмақ. 

Антон Геращенко, Украина Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қарсылық акциясы кезінде ұсталған 24 адамға әкімшілік протокол толтырылды. Бұлардың бірі әкімшілік енді бір қатары полиция мен автобусқа тас лақтырып, ұлтаралық қақтығысты тудырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Бұл адамдар заңның 5 тармағы бойынша: транспорттық жолды жапқаны, заңсыз митинг ұйымдастырғаны, полиция қызметкерлеріне қол жұмсағаны, шетел азаматтарына қатысты ауыр сөз айтып, ұлтаралық қақтығысты тудырғаны үшін жауапкершілікке тартылмақ. 

Санаторий территориясында адамдарды тексеріп өткізетін арнайы жүйе жұмыс жасай бастаған. Осы жерге келгендер ішке арнайы киіммен ғана өте алады. Тәртіп бұзғандар, обсервацияға 2 апта бойы жатқызылмақ. «Қытайдан қайтқандар дәрі мен азық-түлікке мұқтаж емес» деп сендіреді шенеуніктер. Дегенмен, бастапқыда қарсылық танытқан ашулы топтың Қытайдан қайтқандарға деген көзқарастары айтарлықтай өзгерген. Олар шипажайға жеміс-жидек мен тәтті тағам түрлерін әкеліп, жерлестері мен шетелдіктерге жылы сөздерін арнауда.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петро Борейко

Хабар 24 телеарнасы