422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кашмирде көлік апатынан 9 адам қаза тапты

  • 267
  • UPD: 15:04, 23.02.2020
Кашмирде көлік апатынан 9 адам қаза тапты

Кашмирде терең аңғарға автокөлік түсіп кетіп, тоғыз адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Хinhuanet.

Полиция апаттың сенбі күні кешкісін Катуа ауданы Малхар шағын ауданында болғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар.

«Куәгерлер SUV деп аталатын көлік құралының ішінде 14 адамның болғанын және ол өте жоғары жылдамдықпен келе жатқанын айтты. Жүргізуші кенет бұрылған кезде көлік құралын басқара алмай, машина терең аңғарға түсіп кеткен», - деп хабарлайды полиция.

Хабар 24 телеарнасы