424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ грин карта беру ережесін өзгертеді

  • 380
АҚШ грин карта беру ережесін өзгертеді

АҚШ билігі 24 ақпаннан бастап елде тұрақты тұруға рұқсат ететін грин карталарды беру ережелерін қатаңдатпақ.

Бұл ең алдымен мемлекеттік жәрдемақыға дәмелі шетелдіктерге қатысты. Енді сауалды қарастыру кезінде олардың қаржылық тәуелсіздігіне ерекше мән беріледі. Табысынан бөлек шетелдіктің денсаулық жағдайы мен білімі де ескеріледі. Сөйтіп билік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне түсірілетін жүктемені азайтпақ. Негізі жаңа ережелер өткен жылы күшіне енуі тиіс еді. Алайда федералдық сот былтыр күзде оларға тыйым салған.

Хабар 24 телеарнасы