421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаитиде азық-түлік дағдарысы өршіп барады

  • 516
  • UPD: 08:10, 24.02.2020
Гаитиде азық-түлік дағдарысы өршіп барады

Гаитиде 2,5 миллионнан аса тұрғын тойып тамақ ішпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жайында БҰҰ хабарлап отыр. Латын Америкасындағы бұл мемлекет әлемнің ең кедей елдерінің бірі саналады. Тұтынатын азық-түліктің жартысынан көбін импорттауға мәжбүр. Инфляция кесірінен бұл өнімдердің бағасы шарықтап кеткен. Жығылғанға жұдырық демекші, қазір халық құрғақшылық зардабын тартып отыр. Одан әсіресе, елдің солтүстік-батыс өңірлері қатты зардап шеккен. Ал, жемқорлыққа қарсы былтырғы ереуілдер жағдайды одан да бетер ушықтырып жіберді. Соның салдарынан дүкендердің біразы жабылған. Тауарлар мен гуманитарлық көмектің жеткізілуі қиындады.

Селави Белор, ферма қызметкері:

Біреу маған ұсақ-түйек жұмыс ұсынса, бірден келісе кетемін. Оның ақшасына азық-түлік сатып аламын. Бірақ бір-екі күннен кейін ол тамақтың түгі қалмайды. Ең алдымен балаларды тойдыруға тырысамыз. Кейде олардың аш болғаны соншалық, мектепке баруға шамалары жетпей қалады.

Лурми Жан-Баптист, жергілікті тұрғын:

- Егін шықпай қалатын кездер болады. Онда дүкеннен қарызға азық-түлік алуға мәжбүрміз. Алайда маған ештеңе бермейтін болды. Өйткені бұған дейінгі қарыздарымды жаба алмай жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы