427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдің оңтүстігі зымыранмен атқыланды

  • 267
  • UPD: 15:00, 24.02.2020
Израильдің оңтүстігі зымыранмен атқыланды

Израильдің оңтүстіктегі аймақтары Газа секторы тарапынан тағы да шабуылға ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жексенбілік демалыстың шырқын бұзған дабылдан соң тұрғындар арнайы орындарды паналауға мәжбүр болды.

Бұл жолы Израиль аумағын «Ислам Джихады» деп аталатын лаңкестік ұйым зымырандармен атқылады. Мәліметке қарағанда, Израиль жеріне 20-дай зымыран ұшырылған. Олардың онын елдің «темір күмбез» деп аталатын әуе қорғаныс кешенімен атып түсірілді. Осыдан кейін Израиль күштері қарулы топтарға қарымта соққы жасап, 4 адам жарақат алды. Билік лаңкестердің кез келген әрекетіне қатаң жауап берілетінін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы