435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул Diamond Princess лайнеріндегі азаматтарын эвакуациялау үшін президент ұшағын жіберді

  • 130
  • UPD: 14:15, 24.02.2020
Сеул Diamond Princess лайнеріндегі азаматтарын эвакуациялау үшін президент ұшағын жіберді

Сеул Жапонияның Йокогама портында тұрған Diamond Princess лайнеріндегі азаматтарын эвакуациялау үшін президент ұшағын жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе көлігі Соннам қаласындағы әскери базадан ұшып шықты. Ол кемедегі оңтүстіккореялық жолаушыларды Токиодағы Ханэда әуежайынан алып кетеді. Мәліметке қарағанда, қазір лайнерде Оңтүстік Кореяның 14 азаматы бар. Олардың бірде-біреуінен коронавирус анықталмаған. Ал Оңтүстік Кореяның өзінде қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 7-ге жетті. 763 адам вирусты жұқтырған. Билік алдағы апталар індетпен күресте шешуші кезең болатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы