447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісін тыңдау басталады

  • 140
  • UPD: 15:36, 24.02.2020
Лондонда Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісін тыңдау басталады

Лондонда бүгін Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісін тыңдау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай шаһардың шығысындағы Вестминистер ауданының соты маңында наразылық акциясы өтті. Шараға қатысушылар оны Құрама Штаттарға бермеуді талап етуде. Ал соттың өзі 4 аптаға созылуы мүмкін. Бірінші отырыс осы аптада өтсе, қалғаны мамыр-маусымға жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2010 жылы Швецияда Джулиан Ассанж әйел зорлады деп айыпталып, Лондондағы Эквадор елшілігіне барып тығылған. Полиция оны тек өткен жылдың сәуір айында ғана ұстады. Егер ол АҚШ-қа берілсе, 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы