431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда парламент ғимараты коронавирусқа байланысты жабылды

  • 164
  • UPD: 15:04, 24.02.2020
Оңтүстік Кореяда парламент ғимараты коронавирусқа байланысты жабылды

Оңтүстік Кореяда пленарлық отырыс тоқтатылып, дезинфекциялау жұмыстары үшін ғимарат жабылды.

Белгілі болғандай бұған дейін парламент ғимаратында коронавирус жұқтырған науқас болған, деп хабарлады ria.ru.

«Бүгін сағат 18:00-де дезинфекция жүргізіледі. Ол нәтижесі болу үшін ғимаратты кем дегенде 24 сағатқа жабу керек. 25 ақпанда Ұлттық жиналыс ғимараты мен депутаттар ғимараты жабылады», - деді Оңтүстің Кореяның Ұлттық жиналыс өкілі Хан Мин Су.

Ғимарат сәрсенбіде сағат 9:00-де ашылады. Осыған байланысты дүйсенбі және сейсенбі күндері парламент мәжілістері тоқтатылды.

Рёнхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада парламент отырысына қатысқан Кореяның мұғалімдер бірлестігі федерациясының президенті Ха Юн Суден сенбі күні коронавирус табылып, карантинге жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы