443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия – Германия бағытындағы жолаушылардың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпар жалған

  • 164
  • UPD: 15:26, 24.02.2020
Италия – Германия бағытындағы жолаушылардың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпар жалған

Италиядан Германияға бара жатқан пойыздағы екі жолаушының коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпар жалған болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, кеше Австрия шекарасында тоқтатылған пойызға қатысты қауіп сейілді. Тексеруден кейін оған сапарын жалғастыруға рұқсат етілді.

Еске сала кетейік, кеше Венециядан Мюнхенге бара жатқан пойызда екі неміс азаматының ыстығы көтеріліп, қатты жөтеліп Австрия шекрасында тоқтатылған болатын. Дереу жүргізілген тест олардың коронавирусқа шалдықпағанын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы