411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда коронавирусты жұқтырғандар саны 60 адамға жетті

  • 163
  • UPD: 17:52, 24.02.2020

Иранда коронавирусқа шалдыққандар саны 60-қа жетті. Ал қатерлі дерттен қаза тапқандар 20-ға жуықтаған.

Бұл туралы Иран Ислам республикасының денсаулық сақтау министрінің орынбасары мәлімдеді. Осылайша бұл ел аталған кеселден көз жұмғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орынға шықты. Жағдайдың ушығуына байланысты өңірлерде мектептер уақытша жабық тұр. Бұған қоса ел аумағында мәдени шараларды өткізуге тыйым салынған. Өз кезегінде көрші елдер сақтық шаралары ретінде Иранмен арадағы шекараны жаба бастады. Оның ішінде Түркия, Ауғанстан, Армения мен Пәкістан елдері бар.

Хабар 24 телеарнасы