445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда жер сілкінісінен 70-тен астам адам жараланды

  • 199
  • UPD: 17:22, 24.02.2020
Иранда жер сілкінісінен 70-тен астам адам жараланды

Иранның Хой қаласында жер сілкінді. Салдарынан 70-тен астам адам зардап шеккен. Қуаты 5,7 баллға тең зілзала Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта болған.

Сондықтан жерасты дүмпуі Түркияның Ван провинциясына да әсер еткен. Сөйтіп, осы елдің 9 тұрғыны мерт болып, 40-қа жуық азаматы жарақат алған.

Айта кетейік, зілзала таңғы уақытта тіркелген. Оның эпицентрі Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде болыпты.

Хабар 24 телеарнасы