443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы қыс соңғы 1,5 ғасырдағы ең жылы қыс болмақ

  • 145
  • UPD: 08:16, 25.02.2020
Биылғы қыс соңғы 1,5 ғасырдағы ең жылы қыс болмақ dnepr.info

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Басылымда жарық көрген мақала бойынша бұған Арктикадағы ерекше табиғи құбылыстар әсер етсек керек. Яғни ауа температурасының көтерілуі Солтүстік полюстегі төмен қысымның тұрақтылығымен байланысты көрінеді. Нәтижесінде суық жел оңтүстікке қарай бет алмай, тек жер шарының солтүстік бөлігінде ғана айналып соғады. Соның салдарынан биылғы қыс АҚШ-та орташа есеппен 3 градусқа жылырақ болған. Өз кезегінде метеорологтардың болжамы бойынша, егер мұндай температура ақпанның соңына дейін сақталар болса, онда бұл қыс соңғы 141 жылдағы ең жылы қыс болмақ.

Хабар 24 телеарнасы