443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия үкімет басшысы отставкаға кетпек

  • 157
Малайзия үкімет басшысы отставкаға кетпек Рамблер

Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхамед отставкаға өтініш жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы үкімет басшысының әкімшілігі хабарлады. Әзірге мұндай шешімге не себеп болғаны белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет басшысы басқаратын Малайзия перзенттері біріккен партиясы «үміт альянсы» деп аталатын басқарушы коалициядан шыққан болатын. Үш жыл өмір сүрген бұл құрылымға оппозициялық 4 партия кірді. Сол кездегі келісім бойынша Махатхир Мұхамед 2018 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда премьер қызметіне 2 жылға тағайындалатыны шешілген. Бірақ кейін ол өз орнын Анвар Ибрагимге босатуы тиіс болған.

Хабар 24 телеарнасы