435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда коронавирустан жетінші адам көз жұмды

  • 136
Италияда коронавирустан жетінші адам көз жұмды

Бұл туралы шет елдің БАҚ өкілдері хабарлайды.

Белгілі болғандай, 60 жастан асқан науқас тағы бірнеше аурумен ауырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік аймақта вирустың таралмауы үшін тиісті шараларды қолға ала бастады.

Айта кетейік, қазір Италия COVID-19 вирусы таралып жатқан елдердің ішінде Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейін үшінші орында тұр. Елде 229 адам осы індетті жұқтырғандардың қатарында.

Айта кетейік, жаһан жұртының зәресін алған қауіпті вирус әлемнің 30-дан астам елінде таралып жатыр. Көптеген мемлекет індет жайылып бара жатқан өңірге әуе қатынасын шектеп жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес Испанияда да коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы