432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль аумағы тағы зымыранмен атқыланды

  • 408
  • UPD: 13:46, 25.02.2020
Израиль аумағы тағы зымыранмен атқыланды

Израиль аумағы кеше түнде тағы атқыланып, Ашкелон мен Сдерот қалаларында дабыл тоқтамады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палестина радикалдары бұл жолы Израильдің оңтүстігне ондаған зымыран ұшырды. 

Бірақ шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал ақпарға қарағанда Газа секторынан Израильге қарай соңғы 2 күнде 80-ге жуық зымыран ұшырылған. Олардың 70-тен астамын әуе қорғанысы күштері атып түсірді. Израиль жауап ретінде Палестинадағы қарулы топтардың бекіністері мен Сириядағы нысандарға соққы беріп, Газа секторымен шекарадағы бақылау бекеттерін жапты.

Биньямин Нетаньяху, Изариль премьер-министрі:

– Лаңкестер ел аумағын зымыранмен атқылауын тоқтатпаса, біздің қарулы күштер де соққы беруін жағастыра береді. Егер лаңкестік ұйымдардың басшылары талабымызға құлақ аспайтын болса, әлгі қарулы топтардың шабуылына тойтарыс беру үшін кең ауқымды әскери қимылдар жүргізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы