448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда Трамптың сапары алдында наразылық шеру өтіп, 5 адам қаза тапты

  • 133
  • UPD: 14:08, 25.02.2020
Үндістанда Трамптың сапары алдында наразылық шеру өтіп, 5 адам қаза тапты

Үндістанда АҚШ Президентінің сапары алдында азаматтық туралы заңға қарсы шеру өтіп, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 35 кісі жарақат алды. 

Қақтығыс Нью-Делидің солтүстік-шығысындағы Маудупур ауданында болды. Шерушілер полицейлерге тас пен шөлмек лақтырып, тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін күш қолданды.

Айта кетейік, Үндістанда қаңтар айында азаматтық жөнінде заңға өзгертулер енгізілген болатын. Бұл халықтың наразылығын туғызды. Себебі онда Пәкістан, Бангладеш және Ауғанстаннан келген исламнан басқа дін өкілдерінің азаматтық алуы жеңілдетілген. Тұрғындар мұны нәсілшілдік деп айыптап, оны жоюды талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы