420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақ үй коронавируспен күреске Конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

  • 392
  • UPD: 15:29, 25.02.2020
Ақ үй коронавируспен күреске Конгрестен 2,5 млрд доллар сұрады

Президент Дональд Трамп әкімшілігі коронавируспен күрес үшін Конгрестен қосымша 2,5 миллиард доллар сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы қауіпті дертке қарсы вакцина жасап шығару мен індеттің таралуына тосқауыл қою сынды шараларға жұмсалмақ. Қазір АҚШ-та вирусты жұқтырғандардың саны 53-ке жеткен. Олардың 39-ы – Жапониядағы Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған азаматтар. Ал Ақ үй басшысы елде коронавирус толық бақылауда екенін мәлімдеп отыр. Айта кетейік, АҚШ Қытайда қауіпті дерт тарала салысымен, Ухань қаласындағы азаматтарын бірнеше рет эвакуациялаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы