432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жас мөлшері анықталды

  • 349
  • UPD: 15:18, 25.02.2020
Ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жас мөлшері анықталды 365 дней

Финляндия мен АҚШ ғалымдарынан құралған халықаралық топ зерттеу жүргізіп, ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жасты анықтады.

Мамандар он мыңдаған аурудың тарихына зерттеу жүргізіп, қауіпті дерттердің, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының статистикасымен салыстырған.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ерлер үшін 40 жас қауіпті саналады, сондықтан осы жаста жаман әдеттерден арылуға кеңес беріледі. Дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, спортпен шұғылданған жөн.

Ал әйелдер үшін қауіпті жас мөлшері ерлерге қарағанда 10 жылға ерте келеді – яғни 30 жас. Бұл – дегеніміз нәзікжандылар денсаулығына күтім жасауды әлдеқайда ертерек бастауы керек деген сөз. Бастысы, көп ауруларға бірден-бір себеп күйзеліс екенін есте сақтаған дұрыс, деп жазады Рамблер.

Ал Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды. Ұзақ өмір сүретін елдердің тізімімен танысқыңыз келсе, мына сілтемені басыңыз.

Бұған дейін әлем елдерінің тәжірибесінде ұзақ өмір сүрудің қандай құпиялары бар екенін жазған болатынбыз.

Неліктен әйел адамдардың ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүретіні туралы мына жерден оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы