Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 14-ке жетті. Ал қатерлі дертте шалдыққандар 60-тан асқан.
Айта кетейік, аталған ауру өткен жылдың соңында пайда болған еді. Қазір ол әлемнің 30-ға жуық елінде тіркелген. Ресми мәліметке сәйкес, қатерлі дертке бүгінге дейін 80 мыңдай азамат шалдыққан. Ал одан қаза тапқандар 2700-ге жетеді.