447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Disney компаниясының басшысы ауысты

  • 110
  • UPD: 09:35, 26.02.2020
Disney компаниясының басшысы ауысты

Бұған дейін ол көңіл көтеру саябағына жауапты болды.

Роберт Айгердің отставкаға өтініш беруіне байланысты The Walt Disney Company Боб Чапектің басқаруына өтеді.

Дегенмен бұл Айгер компаниядан мүлде кетеді дегенді білдірмейді, ол шығармашылық қызметті қолға алып, атқарушы төраға лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ директорлар кеңесінде мүшелікте қала береді.

Боб Чапек осы мезетке дейін әлемде Disney-дің саябақтарын дамыту ісіне жауапты болды.

Хабар 24 телеарнасы