424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда ерлі-зайыпты итальян туристерінен коронавирус анықталды

  • 427
  • UPD: 11:07, 26.02.2020
Испанияда ерлі-зайыпты итальян туристерінен коронавирус анықталды

Испанияның Тенерифе аралындағы бір қонақ үйде италиялық саяхатшыдан коронавирус шығып, ғиамарат жабылды. Қауіпті дерт оның әйелінен де анықталды. Қонақ үйде тұрғандарына 1 аптада болған ерлі-зайыпты оқшауланған.

Қалған 1 мыңға жуық адам уақытша карантинге жабылып, вирусқа тексеріліп жатыр. Ақпарға қарағанда олардың ішінде 25 мемлекеттің өкілдері бар. Жалпы осы оқиғаны алғанда Испанияда коронвирусты жұқтырғандардың саны 5-ке жетіп отыр. Кеше вирус Италияға сапармен барып қайтқан бір әйелден анықталды. Ал бұған дейін Канар аладарында вирусты жұқтырған екі шетелдік емделіп шыққан.

Сальвадор Илья, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Қазіргі таңда елде коронавирустың жаппай таралуы жоқ. Тек Тенерфие мен Барселонаны алғанда 3 кісі вирусты жұқтырған. Осыған байланысты әуежайлар мен порттарда және өзге де қоғамдық орындарда адамдарға коронавирус жайлы ақпар таратуды күшейтіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы