414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО коронавируспен күреске 232 млн еуро бөледі

  • 176
  • UPD: 11:15, 26.02.2020
ЕО коронавируспен күреске 232 млн еуро бөледі

Еуроодақ коронавирус кеселімен күреске 232 миллион еуро қаржы бөледі. Бұл туралы еурокомиссар Янез Ленарчич хабарлады.

Ленарчичтің айтуынша, аталған соманың 114 миллионы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықтың дайындығы мен ақпараттандыру жұмыстарына бағытталады. Қалған бөлігі вирусқа қарсы дәрі-дәрмек ойлап табу мен диагностикаға жұмсалмақ. 

Янез Ленарчич, еурокомиссар:

- Еуроодақтың басты мақсаты – аурудың таралуына жол бермеу. Сонымен қатар біз халықтың вирусқа қарсы дайындығын күшейтуге тырысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы