411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда коронавирустың таралуына себепкер болған сектаның Уханьда бөлімшесі бар

  • 242
  • UPD: 12:57, 26.02.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус індетін жұқтырған науқастардың саны 1 мың 146-ға жетті. Соңғы тәуліктің ішінде  169 адам осы дертке шалдыққан. Жергілікті билік індеттің жайылуын тоқтатуға қауқарсыз.

Қазір студиямен арнамыздың Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой телефон арқылы байланысқа шығып отыр.  

Қазір Оңтүстік Корея тұрғындары үшін үрейлі болмаса да алаңдап күй кешкен күндер болып тұр. Коронавирустан қаза тапқандар мен дертті жұқтырғандар туралы ақпар дәл бір ұрыс даласынан келіп жатқан хабар-ошарға ұқсайды. Қазір елде COVID-19 вирусына шалдыққандар саны 1 мыңнан асты. Ауруды жаңа жұқтырғандардың басым бөлігі Тэгу қаласының тұрғындары. Синчжонди діни ағымының өкілдері. Дерттен 12 адам көз жұмды. Соңғы рет коронавирустан қан диабетіне шалдыққан 73 жастағы егде адам қайтыс болды. Оның ішінде Моңғолияның бір азаматы бар. 

- Ал індеттің таралмауы үшін жергілікті биліктің қолға алған шаралары қандай?

- Біріншіден, премьер-министр індет ошағына айналған аймақты көріп қайтуға жолға шықты. Үкімет басшысы ол жақта Синчжонди сектасының мүшелерімен кездеспек. Гонконгтағы «Морнинг пост» басылымының мәліметіне қарағанда бұл діни ағымның Ухань қаласында бөлімшесі болған. Қытайда бұл ағымды ұстанушылардың саны 20 мыңдай екен. Ал Сеулге келетін болсақ бүгін қала мэрі шаһардың тағы 2 алаңында шара өткізуге тыйым салды. Вокзал мен Президент сарайының алдында да жиналуға болмайды. Қаладағы жағдай туралы тұрғындардың өздерін тыңдап көрейік. 

БЛИЦ: 

1) Мен эпидемия басталмай тұрып АҚШ-тан келдім.  Қазір көптеген қоғамдық жерлер жұмысын тоқтатты. Халық вирус жұқтырудан қорқады. Мен де сақтық шараларды ұсанамын. Корея билігі орын алған жағдайды жеңеді деген үміт бар. 

2)  Вирустың таралуына байланысты алаңдап отырмыз. COVID-19 ауруының жайылмауы үшін компанияның біраз қызметкерлері жұмысын үйінде отырып жалғастырып жатыр. Жұмыс уақыты да қысқартылды. Өз басым қызметімді кеңседе жалғастырып жатырмын. Өйткені жағдай соншалықты қорқынышты деп ойламаймын. 

Айта кетейін, Сеулде әлі маска тапшылығы байқалады. Жағымды жаңалықтар да бар. Ауруханалардан 22 адам емделіп шықты. Яғни олар қауіпті вирусты еңсерді деуге негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы