424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан коронавирусқа қарсы шараларды күшейтті

  • 650
  • UPD: 14:01, 26.02.2020
Қырғызстан коронавирусқа қарсы шараларды күшейтті

Қырғызстан үкіметі Иран, Оңтүстік Корея, Италия және Жапониядан келетін азаматтарға карантин енгізді. Осы елдерден және Қытайдан келетін кісілер арнайы орындарда 14 тәулік бойы оқшауландырылады.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға сәйкес бақылауға алынатын елдер тізімі толықтырылуы мүмкін. Коронавируспен күрес бойынша республикалық штабтың мәліметінше, 143 адам ауруханаларда, ал 391 кісі өз үйлерінде медициналық бақылауға алынған. 

Айнур Акматова, Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Қазір біздің бақылау изоляторларында 822 төсек орны әзірленді. Әлемде COVID-19 вирусы өршіп жатқанына байланысты біз де кеше және бүгін қосымша 135 орын дайындадық.

Хабар 24 телеарнасы