437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

  • 109
  • UPD: 15:56, 26.02.2020
Францияда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

Францияда тағы 2 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды. Жергілікті билік кеше ғана өз аумағында қауіпті дертті жаңадан жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеген болатын.

Жером Соломон, Франция денсаулық сақтау министрлігі бас басқармасының басшысы:

- Бұл елде тіркеліп отырағн 14-оқиға. Ол туралы жарты сағат бұрын ғана хабарлады. Сондықтан оқиғаға қатысты толық ақпарат бере алмаймын. Дертке шалдыққан Италияның Ломбардия аймағында болып қайтқан жергілікті азамат. Ол қазір ауруханаға жатқызылды. Науқастың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Онымен байланыста болған адамдардың барлығы тексеріліп жатыр.

Бұдан бөлек бесінші республикада коронавирус Қытайдан келген бір әйел адамнан анықталды. Ол Париждегі ауруханада емделіп жатыр. Соңғы оқиғаларға қарамастан Франция Италиямен шекараны жаппайтынын айтады. Тек індет жайлаған аймақтардан келген адамдарды 14 күндік карантинге жабу қарастырылған. Мұндай шара балаларға да қолданылатыны хабарланды. Дегенмен, Франция коронавирустың кең таралуына дайындалып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі ондаған миллион маска сатып алды. Бірақ билік көпшілік қатысатын іс-шаралар мен Париж сән аптасы және өзге де спорттық шараларды өткізуге тыйым салынбайтынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы