435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия-Грузия шекарасында көліктер кептеліп қалды

  • 132
  • UPD: 14:36, 26.02.2020
Түркия-Грузия шекарасында көліктер кептеліп қалды

Түрік-гүржі шекарасындағы «Сарп» кеден бекетінде жүк көліктері Грузияға өте алмай, бірнеше күннен бері кезекте тұр.

Тіпті көлік кептелісінің ұзындығы 12 шақырымға жеткен. Бұған кедендік жүйедегі ақаулар мен ауа райының қолайсыздығы себеп. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат, жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды. Жалпы екі ел арасындағы «Сарп» кеден бекетін жылына шамамен 150 мыңнан астам жүк көлігі, 600 мыңнан астам көлік пен 7 миллионға жуық жолаушы қолданады. Аталған бекет арқылы түрік тарапы 13 елге тауар тасымалдап, Грузия елін Еуразияға шығатын транзит мемлекет ретінде пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы