447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда той қонақтары мінген автобус өзенге құлады

  • 155
  • UPD: 15:00, 26.02.2020
Үндістанда той қонақтары мінген автобус өзенге құлады Hindustan Times

Үндістанның Раджастхан штатында автобус өзенге құлап, 24 адам қаза тапты, деп хабарлады Hindustan Times.

Тағы бес адам жарақат алып ауруханада жатыр.

«Жергілікті үйлену тойына келген 29 адам мінген шағын автобус көпірден Медж өзеніне құлады», - деді Кота қаласы полиция комиссарының орынбасары.

Ресми ақпаратқа сәйкес, көпірдің құлауына жол бермейтін қоршау болмаған, ал жүргізуші жылдамдықты асырған.

Хабар 24 телеарнасы