448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңіз жануарларының үштен бір бөлігі жойылып кетуі мүмкін – ғалымдар

  • 153
  • UPD: 16:51, 26.02.2020
Теңіз жануарларының үштен бір бөлігі жойылып кетуі мүмкін – ғалымдар

Ғалымдар құрып бара жатқан теңіз жануарларын құтқару үшін жоспар жасады.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта теңіз жануарларының үштен бір бөлігі толықтай жойылу қаупі бар.

Қазіргі уақытта олар қалыпты мөлшерден 10%-ға дейін азайған.

Теңіз жануарларының толық жойылып кетуіне жол бермеу үшін ғалымдар оларды құтқарудың ауқымды жоспарын құрды.

Ол үшін жалпы аумағы 8,5 миллион шаршы шақырымдық қорғауға алынатын табиғи аумақтар құру қажет.

Ғалымдар Тынық мұхитының Қытай мен Жапонияға жақын аудандарын, сондай-ақ Америка мен Батыс Африка арасындағы Атлант мұхитының бір бөлігін проблемалық аймақтарға жатқызады.

Хабар 24 телеарнасы